Гөрінің үстіне қам кесектен сыпа салады. Ол кезде қазіргі ғимарат жоқ, салынбаған.
Сұлтанның денесін алып кетуге келген Тама өзін дуана, шейх етіп көрсетіп, мүрдеге қара бура мініп келген. Оның Тама екенін ешкім танып, білмеген. Бұл жағдайды Сұлтанның өзі өлер алдында, Тамаға керематымен білдіріп, сосын туыс-семьясына:
“Мен өлгесін, денем суымай тұрғанда, қара бура мінген бір дуана, шейх адам келіп, денемді бурасымен мәңгілік жататын жеріме алып кетеді. Сол жерге, сол адам денемді тазалап жуып, кебіндеп қояды. Сендер оның қолын қақпаңдар!” –деп тапсырады.