kk
Free
Шежірелік аңыздар

Кіші жүз ру-тайпаларының аңыздары

  • Assel Tulegenovaцитирует2 года назад
    Әлім балаларының алдына аттарды әкеліп: “Ал өз таңбаларыңды басыңдар!” – дейді. Сонда үлкен баласы Жаманақ аттың сауырына айқасқан қос шек (X) салыпты. Содан «Шекті» атаныпты дейді. Бұл таңбаны баласының аттың сауырына салғанын көріп, Әлім ақсақал: “Балам, сауырлы ел боларсың”, – депті.
  • b7679351909цитирует3 года назад
    Гөрінің үстіне қам кесектен сыпа салады. Ол кезде қазіргі ғимарат жоқ, салынбаған.

    Сұлтанның денесін алып кетуге келген Тама өзін дуана, шейх етіп көрсетіп, мүрдеге қара бура мініп келген. Оның Тама екенін ешкім танып, білмеген. Бұл жағдайды Сұлтанның өзі өлер алдында, Тамаға керематымен білдіріп, сосын туыс-семьясына:

    “Мен өлгесін, денем суымай тұрғанда, қара бура мінген бір дуана, шейх адам келіп, денемді бурасымен мәңгілік жататын жеріме алып кетеді. Сол жерге, сол адам денемді тазалап жуып, кебіндеп қояды. Сендер оның қолын қақпаңдар!” –деп тапсырады.
  • b7679351909цитирует3 года назад
    Сұлтанның сол айтқанындай, ол өлу бойына қайдан келгені белгісіз, Тама қара бурамен келіп, сұлтанның мүдесін түйеге өңгеріп алып кетеді. Оның кім екенін ешкім білмейді. Бет-аузын бүркеп алған Таманы ешкім танымайды. Мүрдені ол сұлтанның айтып, тапсырған жеріне апарып жерлеп, өзі ешкімге көрінбей, қайтып кетеді. Кейін артынан барып біліп, жұрт сосын: “Қара бура Әзі” деп атандырып кеткен. Кейін ұранға айналған. Таманың ұраны –«Қарабура»
  • b7679351909цитирует3 года назад
    халық: «Әй, мына бір төрт қараның жүрген жері айқай-шу, төбелес шығарса, жүрген жерін оңдырмайды, осы бір төрт қара жігіттерден сақтану керек», – деп сөз бола бастапты да, содан барып, аяғында, Қарамашақтың төрт баласы кейінде “Төртқара” делініп атанып кетеді.
  • b7679351909цитирует3 года назад
    308.Тама руы

    Халықтың аузында бар әңгімеде Таманың кейінгі аты: “Қарабұра” деп айтады. Оның мәнісі былай деп сөзін жалғастырады қариялар: Қожа Ахмет Йассуи өлгеннен кейін, оның өлі денесін қара бура мініп келіп, түсін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Гөрінің үстіне
  • b7679351909цитирует3 года назад
    Әлімнің 6 баласының біреуі – Қарамашақ, одан туған 4 бала төртеуі де, бірдей тең болып өседі және өте бап болады-мыс. Тойда, аста, жиында төртеуі бірге тізе қосып жүреді, содан халық: «Әй, мына бір төрт қараның жүрген жері айқай-шу, төбелес шығарса, жүрген жерін оңдырмайды, осы бір төрт қара жігіттерден сақтану керек», – деп сөз бола бастапты да, содан барып, аяғында, Қарамашақтың төрт баласы кейінде “Төртқара” делініп атанып кетеді.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз