kk
Free
Саттар Асқарұлы Ерубаев

Бақыт

  • Дарья Добрынинацитирует8 лет назад
    Мен бақытты көрсем деуші еді. Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
    Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: - Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді.
    Менің бақытты көргім келді. Күн батушы еді шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетті бара жатқан сыры белгілі, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен кеңінен елең салатын қараңғылықтан бір түрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен - өзім «бақыт» дейтін едім.
    Төсекке жатқанда ұзын шал көз алдынан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім.
    I
    ─ Біздің үй Түркістан қаласынын оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсіпті еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, бұрыштары Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың күн шуақта жамау жамап отырушы еді.
    Барлыбай, көзі қарауытып:
    ─ Апа, қарным ашты ғой - дейтін еді.
    ─ Е, бақытсыз, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? - деуші еді Кунтүлім.
    Осы уақытта түрілген балтыры балшық болып Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке түңілген бір нәрселер көрінсе Кунтүлім Барлыбайына:
    ─ Бақытың бар екен, қарағым - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күліп уақытына күліп болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді. Кунтүлім орнынан тұрушы еді.
    ─ Шырақ, Жақсыбай келеді біздің үйге келмейсің бе? - дейтін еді.
    Кунтүлімнің бақытты түрде шыққан даусы мені жүгіріп әкетіп, оның бақытты бетін көргім келетін де тұратын еді. Жақсыбай үй ішімен қуанышты түрде қарсы алатын; Менің ойымша бақыт тек Жақсыбайдың үйінде, онда да ылғи кешке ғана қонақ болып кететін сияқты еді.
    Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім.
  • Сандуғаш Кэлсцитирует3 года назад
    Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің өзі біздің өмір екен!
  • Айдана Есенкуловацитирует4 года назад
    Бақыт өмірмен қатар келмеген екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен, жүрегіңнен алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп, кісімсіндің. Мен бақытты көрдім.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз