ақыл-ойыңды, ерік қабілетіңді, рахат-қызығыңды өзіңді қоршаған қауым ырқы билеп кеткен шағыңда сенің еншіңе бір ғана зат – жүрегіңде бақилыққа ұйып қалған жастық сүйіспеншілік қана қалады. Сен оны қанша жыл қатігездікпен ұмытсаң да, өзіңді одан да гөрі маңыздырақ, мәндірек бір іске лайықтымын деп тапсаң да, басқа жерден пайыз таппай, өз ошағына .қайта оралған бейбақтай түбі оранатының хақ; бірақ ол қай кезде болады, мақсатыңа жете алмай шаршаған кезіңде ме, санаң марқайып, ақиқаттың не екеніне көзің жеткен кезде ме, әлде тіпті өлер шағында ма, оны кім білсін...»