kk
Free
Дулат Исабеков

Бонапарттың үйленуі

18 бумажных страниц
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎

Впечатления

  • b5225195975делится впечатлением8 лет назад
    😄LOLZ

    Кашпировскийдың Бонапарттан "сіздің сеансыңыздан кейін сүндеттелгенім жазылды" деген ризашылық телеграммасын оқып жатқандағы түрі көз алдыма кеп, еріксіз күліп жібердім

  • b6686174867делится впечатлением3 года назад
    👍Worth reading
    🐼Fluffy

    Өте керемет

  • Зарина Оралқызыделится впечатлением5 лет назад

    Өте жақсы

Цитаты

  • Айсана Лицитирует8 лет назад
    Балаға ат қоюға келгенде қазақтан өткен «нахал» ешкім жоқ. Олар дүниежүзілік есімдердің қожасындай оның төбесіне шығып отырып алады да, «мынау ананыкі екен, мынау мынаныкі екен» деп бас қатырып жатпай, қайсысы аузына түссе сонысын алып баласына жапсыра салады. Ол есім жақсы ма, жаман ба, қазақ топырағына үйлесе ме, үйлеспей ме, үйлесе қалған күнде дәл соның баласына келісе ме, келіспей ме – онымен ісі де болмайды. Тіпті, сол өзі құрметтеп отырған адам кім болған, не істеген, ұлты қайсы, қазаққа оның қатысы болып па еді, болмап па еді, оны да ойлап бас қатырып жатпайды. Ат па – ат, сондай біреу болды ма – болды, бола ма – болады, басқасының оған керегі шамалы. Тіпті, әлгі адам бүкіл өмірін қазаққа қарсы жұмсап жүріп сарып етсе де ол оның атын баласына қоюдан тайынбайды. Егер он миллион қазақты аралап шыға алсаңыз дүниежүзіндегі барлық ұлттар мен тайпалардың аттарын түп-түгел кездестіре алатыныңызға кәміл сенемін. Қазақтар үшін дүниежүзілік есімдерді емін-еркін иемдену ХХ ғасырдың 30-60 жылдары аралығында ерекше дамыды. Американың алғашқы президентінен бастап Қараспандағы базарком Оқапқа дейінгі аттар Қазақстанда тың жерлерді игеру науқанындай кең ауқымда емін-еркін игерілді. Дүниежүзілік есімдерді иемдену науқаны барлық үлкен жаңалықтар секілді әр жерде әртүрлі жүрді де, кейбір алыс түпкірлерге тым кеш жетіп, кеш аяқталды. Сол кездегі саяси оқиғалардың тірі көрсеткішіндей Октябрь, Социал, Аврора, Потемкин, Рева, Люция, Коммуна, Стахан, Чапай, Шорс, Роман, Роллан, Максим, Маркс, Энгельс есімді балалар көше-көшелерде құлындай шауып жүрді. Тіпті, бүтін бір мемлекеттер мен астаналардың атына ие боп қалған қара домалақ балалар да аз кездеспейді. Бүкіл республика шетелдік аттарға біршама тояттап, басын астаудан көтеріп, күйіс қайырып тұрған шақта «Жиделі» колхозына бұл науқан енді ғана жетіп еді. Жалпы, бұл ауылға жаңалық біткен жұрттың ең соңынан жететін әдеті, тіпті, совет үкіметі де Сырдан кешіп өтіп, Алланың уысындағы алыс ауылды табамын дегенше де екі жыл жүрген. Совет үкіметі дегенді бұл ауыл кенеттен естіді. Бес қанат қара үйдің алдында қатпа қара кемпір жайбарақат жабағы жазып отырған, екі атты жерден шыққандай табан асты сау ете қалды. Сау ете қалды да ал кеп бұның аты-жөнін, әкесінің атын, қайдан шыққанын, кімнен туғанын, кіммен тұратынын, саяси көзқарасын, бала-шағасын түп-түгел сұрап шықты. Сұрап болған соң: «енді сіз совет адамы боласыз» деді де, аттарына отырып басқа үйлерге кетті. Қара кемпір түкке түсінбей қалды. Феодализм кезінде түткен жүнін социализм кезінде де жалғастырып, қаннен-қаперсіз отыра берді. Бүтін бір дәуірден бүтін бір дәуірге жүн түтіп отырып-ақ аттап кеткенін ол ойлаған да жоқ. Ертесіне де ойламады, өйткені ойланатындай ештеңе де өзгермеді: сол ауыл, сол адамдар, сол үй, сол жүн, сол тіршілік, сол күлкі, сол мұң. Тек бір жарым айдан соң ғана бір қараша үй қызыл отау деп аталып, маңдайшасында:
  • b5312687835цитирует2 года назад
    Жаушы жіберу, құда болу, бетке ұн жағысу, қызға белгі салу т.с.с. толып жатқан жоралғылар артта қалып, той күні белгіленді.
  • Камарсулу Абилцитирует2 года назад
    Бонапарттарының «Жиделі» колхозында қандай халде жатқанын француз бейшаралар естісе қалай болар екен,ә! Естігенімен қоймай келіп көрсе!.. Ах-ха-ха! Бонапартқа да сол керек!

На полках

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз