Қиямет күні әрбір адам мына бес сұраққа жауап берместен ешқайда жылжи алмайды:
1. Өмірінің әрбір сәтін қайда өткізгендігі;
2. Жастық шағын қалай өткізгендігі;
3. Дүниесін қандай жолмен тапқандығы;
4. Дүниесін қайда жұмсағандығы;
5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі».1
Амина Базарбаевацитирует4 года назад
мұсылман ойшылы Хасан Басри «Мен өздерінің уақытына ақшасынан да аса ұқыптылықпен қараған адамдарды көрдім»
Меруерт Алимовацитирует4 года назад
Батыста «уақыт – ақша» деген түсінік қалыптасқан. Ал мұсылман ойшылы Хасан Басри «Мен өздерінің уақытына ақшасынан да аса ұқыптылықпен қараған адамдарды көрдім» деп, уақыттың дәрежесін ақшадан да жоғары қойған.
Айгеримцитирует5 лет назад
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші, діні мен ділі бөтен өзге мәдениет болғанымен, үйренетін тұсын алып, жиренер тұсында діни һәм ұлттық иммунитетіміз арқылы өзімізді сақтай білсек, тек пайдасын көрген болмақпыз.
b8767642330цитирует3 года назад
Әр уақыттың өзіне тиесілі бір ісі болады.
b8767642330цитирует3 года назад
Құранда Алла Тағала «Алла бірде-бір адамның көкірек қуысында екі бірдей жүрек жаратпаған» 28
b8767642330цитирует3 года назад
Бір уақытта бір іспен ғана айналысу
b8767642330цитирует3 года назад
Жұмыс уақытын толықтай жұмысқа арнаңыз. Дәл бүгіннен бастап уақытты босқа өлтіретін, өміріңізге де, мансабыңызға да титтей де пайдасы тимейтін істерді барынша азайтуға шешім қабылдаңыз.
b8767642330цитирует3 года назад
«Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек:
• Уақытының бір бөлігін Раббысына дұға мен ғибадатқа, Оның Шеберлігі мен Құдіретін ойлауға;
• Бір бөлігін өмірінде жасағандарын есепке алуға және келешекте істейтіндерін жоспарлауға;
• Бір бөлігін адал жолмен күнкөріске, мал табуға арнауы керек. Бұл соңғы бөлігіндегі істері қалған міндеттерін атқаруға септігін тигізеді. Себебі әлеуметтік қажеттіліктерінің өтелуі жүректі дүниелік істерден босатып, алаңсыз ғибадат етуіне жағдай жасайды».