Қызды неліктен балам емес деп санауы туралы ол көп ойланып, бір тұйықтан шыға алмай қоятын еді, ол «қыздың пайдасы не, әке - шешеге?.. Жат жұрттыққа жаралған адам. Ержеткен соң - ақ, маңдайына жазылған біреуге кете барады. Содан кейін әке - шешеге тиер түк пайдасы жоқ. Ендеше, оның несін бала дейміз?».