Ер азбай, ел азса айдын көлдің суалғаны
Ел азбай, ер азса зор бəйтеректің құлағаны.
Қазақтың басынан қандай сорақы күндер өтпеген. Жау шапты десе қолына алдаспандарын ала, кең даланың төсінде жаумен қасық қаны қалғанша, жан аямай шайқасқан қазақтың батырлары аз боп па. Күйіз үйдің шаңырағын ұстап, түндігін ашып жауып тұрған бақан секілді, қазақтың кең даласының алтын шаңырағын бар күшімен жаудан қорғап, ханның оң қолы, халқының тірегі болған, есімдері кейінгі ұрпаққа беймәлім болып кеткен батырларымыз қаншама. Қазақ халқының әр замандағы қиян кесті ауыр тағдарын Ілияс ағамыз керемет жеткізген.
Қазақтың әйелдері жоңғарлардың қолына түсіп, аяқ қолы байлаулы күйде "Елім ай" әнін зарлы әуенге салып айтып келе жатқаны көз алдымнан кетер емес. Оқыған адамның жүрегін қанжылатар кезеңдерді қазақ бабам қалай басынан өткеріп, соған шыдап бақты екен?
Ал сол кездерде жойылып кетуіне сәл-ақ қалған халық қазіргі таңда 19 млн халқымен тәуелсіз мемлекет болып отырғаны тек Бір Алланың бізге көрсеткен рахымының арқансында😊 Аллаға мың да бір шүкір!!
Бұл шығарманың мен байқаған жалғыз және үлкен кемшілігі - әйел образы дұрыс жеткізілмеген . Қазақ әйелі әр кез арын, абыройын, әуретін жоғары қойып бағалаған. Осы тұста Ілияс ағамыз асыра сілтеп жіберген секілді.
Керемет кітап! Ұлы халықтың, ұлы тарихын көз алдыма елестетіп алдым. Үлкен Рақмет.