Өткен дүниенің керегі де, керек емесі де бар. Сол керек еместерді ғана тауып, бар өмірін сарп еткен талай ұлы ақыл иесі, дарынды археологтарды көрдім. Жазушы да сондай. Қанша таланты болмасын, егер тақырыбын таба алмаса, ол өзінің дарынын дамыта алмайды, халқының мүддесінен шыға алмайды.