Боралдайға қарай бұны да әкетті. Боралдайда ол күні мұның көргені әлі көз алдынан кетер емес, жігерін қайнатқан ызаның молы сол. Балташтың көз алдында Ұзынағаш, Қастектің сегіз азаматын дарға асты. Қайран Бекболат! Аяқ-қол байлаулы күйінде дардың астында тұрып, дәл басына қап кигізер жерде сұп-сұр боп ап, дауысын саңқ еткізіп:
— Қайран ел, қош, — деді.