Шынында да әйел бала ер баладан гөрі тез жетіліп, тез піседі-ау. Көрінбей-көрінбей келіп бір-ақ жылда қылт етіп, қырдың қызғалдағындай құлпыра қалады. Бір суық соққан күні сол гүлдің жапырағындай бүрісіп, тез солады да. Тегінде жұрттың қызды гүлге балайтыны да содан-ау».