Сәкен Жүнісов

  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    қарауылдың ені, өзіңіз білесіз, қиық ен, атығайдікі – жүрекше ен, бәсентиындікі – солақ ен, қуандық елінікі – кез ен, қыпшақтардікі – көбінесе ойық ен, ім-м... қаржастардікі – байпақ ен... үшкіл ен, сыдыртпа ен, тілік ен, сота тілік ен, айшық ен
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    таңбада да нешетүрлі бір-біріне ұқсамайтын – белгілері болды. Мәселен, арғындардікі көз таңба, қыпшақтардікі – қос әліп, қоңыраттардікі – босаға, ал керейлердікі – ашамайлы.
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    казак деген сөздің анық-танығына орыс оқымысты шежірешілерінің өзі жете алмай жүр. Әйтсе де, әрқайсысының тұспалдауында жан бар: Грабинка деген шежіреші казакты бұрынғы скиф халықтарының аты Хазардан шығарады. Голубовский деген адам бұл – түріктің сөзі, "қолдың томында тұратын күндізгі, түнгі күзеттегі қарауылдар" дегенге тірейді. Енді біреулер моңғолша "қо" – сауыт, қорғаныш қалқан, темір жейде", "зах"—шек, шегара, яғни "шегараны қорғайтындар" деген сез, тағы біреулер, "қарақшы, кезбе, қаңғыбас" деген сөз деп дәлелдейді.
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    Жарасар тең құрбысы табылмаса.

    Оныншы, бұл дүниеде ғалым жетім

    – Құр босқа алтын сөзі алынбаса.

    Тағы да, он бірінші, қалам жетім

    – Жазатын ерлері оның табылмаса.

    Тағы да, он екінші, қағаз жетім,

    Айшықты, алтын сөздер жазылмаса,

    Бәрінен, он үшінші, қазақ жетім,

    Қорқақтап жан-жағына алаңдаса.

    Ақан сері
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    Намаз бен мешіт жетім – оқылмаса,

    Дәріске білсін қайдан отырмаса.

    Екінші, бұл дүниеде әйел жетім,

    Кезінде теңін тауып қосылмаса.

    Ер жетім – ақылсыздан әйел алса,

    Отырып от басында тақымдаса.

    Aт жетім – ерен жүйрік шабылмаса,

    Бойынан ащы тері алынбаса.

    Құс жетім – ерте түлек салынбаса,

    Салатын саятшысы табылмаса.

    Сахара, жайлау жетім, көлдер жетім

    – Қасына мұнарланып ел қонбаса.

    Таусылған кірер үй жоқ – кәрі жетім
  • b3265737560цитирует2 года назад
    Шынында да әйел бала ер баладан гөрі тез жетіліп, тез піседі-ау. Көрінбей-көрінбей келіп бір-ақ жылда қылт етіп, қырдың қызғалдағындай құлпыра қалады. Бір суық соққан күні сол гүлдің жапырағындай бүрісіп, тез солады да. Тегінде жұрттың қызды гүлге балайтыны да содан-ау».
  • b3265737560цитирует2 года назад
    Ел Хадиша дейді. Шын атым Балхадиша.
    Бібекеңнің қызы. Естуіңіз бар шығар,— деп сары келіншек Ақанға қарай мойнын созып, кимелей жөнелді
  • b3265737560цитирует2 года назад
    Аспаннан абрахым нұрын шашар,
    Үстім жауын болды деп надан қашар.
    Сол нұрдан бір тамшысы тие ме деп,
    Дарияда сәддап жатып аузын ашар
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз