Смағұл Елубай

  • b7958894580цитирует2 года назад
    Кванттық физика адам рухы материалистік әлемге тікелей әсер ете алатынын, керек десеңіз оны өзгерте алатын сұрапыл күшке ие екенін дәлелдеді.
  • b7958894580цитирует2 года назад
    Ұлы неміс философы И.Кант: «Қайда қарасақ та әрекет пен себептің, мақсат пен құралдың, жаратылу мен жойылудың заңын көреміз. Ешнәрсе өзінің осы тұрған қалпына өздігінен келе салмайды. Оның себебі бар... ...Сонда сіз әлемдегі күллі болмыстың Себебі деген даңғайыр құдіретті ақылға сидыра аласыз ба?! » (И.Кант. «Критика чистого разума»)
  • Ерасыл Искаковцитирует2 года назад
    Адам баласына Құдай рух беріп қана қоймай ерік бергенін ұқтық. Ерік – өз бетіңмен шешім қабылдау. Алла берген сол еріктің арқасында Адам Жаратушы айтқан шектен шығыпты. Ала жіпті аттап алғашқы кунә, алғашқы қылмыс жасапты. Біз соны ұқтық.

    Осындай шалыс қадамға Адам өзіне берілген еріктің арқасында барыпты. Ал, сол ерікті іске қосқан қандай механизм еді? Жаратқан Ие Адамға сана берді. Ойлау қабілетін берді.

    Сайтан Адамға ой салды. Сол ойды қабылдаған Адам шалыс қадам басты.

    Демек , Аллатағала Адамды айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін құлақкесті құл емес, не істесе де ерікті сана иесі етіп жаратқан. Адамға Жер бетіндегі өз тағдыр жолын таңдау хұқы, өз қолымен өз болмыс тұлғасын сомдау еркі берілген. Сондықтан да Адам минут сайын, секунд сайын ойланады. Ол ойын сөзге айналдырады. Сөзін іске айналдырады.
  • Ерасыл Искаковцитирует2 года назад
    «Сезім дегеніміз – ғаламды қамтып жатқан Тәңір матрицасымен тілдесу құралы»
  • Assel Tulegenovaцитирует2 года назад
    «Жер бетінде жасаған бүкіл шарапаты мен кесапаты салмақтанар, таразының басына түсер» дейді, ә! Беу, аспан, сонда сенде әділеттік болғаны ма?! Түбінде әр нәрсенің бір сұрауы болғаны ма?! Бәсе, сұрауы жоқ нәрсе болушы ма еді? Бәрінің де сұрауы бар. Шымшықты нақақ өлтірдің бе — сұрауы бар. Бір күні жауап бересің! Әлсізге қиянат жасадың ба — сұрауы бар. Жауап бересің!
  • b7874867037цитирует2 года назад
    Мынау бұтаққа қонған торғайдай шоқиып отырған келіншегі де өзінше бір құбылыс. Қазір бұдан теріс айналған түрі бар, енді осы кішкентай жаратылыстың бетін бері қаратудың өзі, ойласаң, қанша тауқымет. Қалай күлмессің!
  • b7874867037цитирует2 года назад
    тірлікте шын жауыңды танып, көзбен көрудің өзі олжа ғой!
  • b7874867037цитирует2 года назад
    Бұ тірлікте шын жауыңды танып, көзбен көрудің өзі олжа ғой
  • b7874867037цитирует2 года назад
    Неліктен өйттің екен, Кенелдік?! Жалғыз ғана сені пайғамбарым деп, жалғыз ғана сенің етегіңнен ұстаған жалғыз ғана жан емес пе еді ол? Жарық дүниедегі ең жақының емес пе еді?! Сонда қалай? Сонда адам өзін жақсы көрген ең жақын адамына алдымен қиянат жасайтын болғаны ма?.. Жасайтын болғаны - ау.
  • aya_ Hanova_цитируетв прошлом году
    тірлікте шын жауыңды танып, көзбен көрудің өзі олжа ғой!
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз