Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, — деді сұқ саусағын шошайтып. — Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы — өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз. Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей орыс, сен де, ей қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма?