1956 жылы генетик-селекционер У. Керр африкалық бал арасын алып келеді де, жергілікті тұқыммен будандастырады. Африканың аралары шапшаң, әлі алысқа ұшады, анасы балалағыш. Буданнан пайда болған африкаландырылған араның сыртқы пішінінде пәлендей айырмашылық болмағанымен, еңбекқор және қауіп төнсе, тобымен шабуыл жасайтын өте агрессивті болып қалыптасқан. «Жауыз ара» атануы да содан. Айталық, осы Африка мен Европа арасының арасынан пайда болған буданның шағуынан 1969 жылы Бразилияда 200 адам өліп, мыңдаған адам жарақат алған. Кісілер үшін жергілікті, яғни өз арамыздан гөрі африкаландырылғандардың уы әлдеқайда қауіпті. Тез ройлап, тым алысқа ұша беретіндіктен, Европалық аралармен шағылысып үлгерген. Табиғат құпиясы қызық қой, неге екені белгісіз, жергілікті араның Аналары осы «жауыз