Стройдың2 басында тұрған екеу – қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы – Нартай, анаусы – Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы – татар баласы, аты Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара – әйел бала, қалмақ, я дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты – Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау.