– Хұльжа... архар... блесң?..
– Осындай құлжаны мен де тауып алам, – дейді жеңілгісі келмеген қонақ бала.
– Бұль хұльжа Нарым... бет ағамдікі! Маған тастаған. Соғыста өлген. Меңкі үш аға соғыста өлген. Сеңкі неше аға өлген?
– Менің ағам әлі тірі, – дейді қонақ бала.
– Трі... не? Апа, не трі?
– Өлген жоқ, айналайын. Бір жерде жүр.
– О-о! – дейді Зигфрид қуанып. – Меңкі өлген.
Қонақ бала біржола жеңіліп, айтарға соз таба алмайды.
– Меңкі үш аға өлген... Кіммен соғыста, апа?
– Кәрманмен, күнім.
– Кәрманмен соғыста меңкі үш аға өлген.
– Менің ағам да өледі, – дейді ағасының тірілігі зиянға шыққан қонақ бала. – Ертең өледі.
– Сеңкі аға трі, – дейді әбден жеңіп алған Зигфрид. – Меңкі үш аға өлген. – Үш саусағын көрсетеді. – Келім... бет... Жолым... бет... Нарым... бет... –