kk

Ілияс Есенберлин

  • Aiman Kainarbayevaцитирует2 года назад
    Ұлы іс жеке адамға тән, тіпті кейде ана сүтімен қанына сіңген түсінікті де бұзумен келеді. Әрбір жаңа дүние ескі өмірді құртудан басталады. Онсыз адам баласын бақытты ете алмайсың
  • Aiman Kainarbayevaцитирует2 года назад
    — Әрине, адам дегеннің көңілі тек нанмен ғана көншімейді ғой,— деді қайтадан эстон жігіті,— кешегі өздеріне поэзия саналған көкорай, жасыл шалғынды жері бүгін егінжайға, жыртылған қара топыраққа айналғанын көріп, өкінетіндер әлі бар шығар?
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    Баланы өлгеннен кейін жақсы көру - ол кешігін жақсы көру. Баланы ең алдымен тірісінде жақсы көру керек. Жақсы көрудің ең үлкен белгісі - баланың дұрыс адам болуына көмектесу, оны дұрыс тәрбиелеу.
  • raiianaislamqyzyцитирует2 года назад
    жолдастық деген не екенін білесің бе өзің? Жолдастық деген бірін-бірі сыйлау, жолдас деген адамыңның көңілін қалдырмау, ренжітпеу. Өзіне қиын болып тұрса да ренжітпеу, жанына орынсыз жара салмау, шын жолдас бірінің қатесін бірі жасырмас болар.
  • aya_ Hanova_цитирует2 года назад
    айтар сөзің, істер жамандығың оған қалай тиеді, алдымен соны ойла
  • aya_ Hanova_цитирует2 года назад
    Қайғы бұлты, маған енді төнбеші,

    Төне қалса, жаным, оған көнбеші,

    Махаббатым, құдіретті күнімсің,

    Сөнбеші сен, сөнбеші сен, сөнбеші!
  • b9752358095цитирует2 года назад
    Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле.
  • b9752358095цитирует2 года назад
    Батысты алуға бұл жолы аттанған әскер үш жүз мың
  • b1486087848цитирует2 года назад
    Бір мың үш жүз қырық екінші жылы Батудың ұрпағы Алтын Орданы ісләм дініне бағындырған Өзбек хан өлді. Содан кейін Дәшті Қыпшақ жеріндегі осы ханның атымен атала бастаған Өзбек ордасының тағына бір мың төрт жүз жиырма жетінші жылы Әбілқайыр ие болды. Бұл Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы. Қазір оның Мөңке жолы деп отырғаны жоғарғы айтылған Мөңке ханның қанды оқиғасы. Расында да бұл қанды оқиға Шыңғыс ұрпақтарына белгілі сара жолға айналған.
  • b1486087848цитирует2 года назад
    «Талас тек Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпақтарының арасында болып қойды ма? Жошыдан туған балаларының арасының өзі де сан алуан қанды оқиғаларға айналған жоқ па?» Әбілқайыр ауыр күрсінді. «Иә, Шыңғысханнан кейін бүкіл әлемге аты шыққан Жошының ұлы Батухан мен Төленің балалары Құбылай мен Құлағу болды...
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз