Сайын Мұратбеков

Цитаты

Akilцитирует2 года назад
Нұрсұлудың екі баласы мен кәрі шешесі зар еңіреп көп жерге дейін артынан ілесіп барыпты да, ақыры бірін-бірі құшақтап жер бауырлап қала беріпті.

Осы күндердің бірінде апам мен Нұғыманның өзара сөйлескен бір сөздерінің куәсі болдым.

− Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен-күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. Қолда бардың бәрін қыс демей, жаз демей жөнелтіп жатырмыз, қымтып қалған, жасырып қалған ештеңеміз жоқ. Мынау қызыл қырманның үстінде ұртымыз толып ас жеп жүрген ешкім жоқ. Артық түйір тамағымыздан өтпейді. Бәрін майданға жөнелтсек екен дейміз, атың өшкір жауды тезірек жеңсек екеміз дейміз. Жатсақ-тұрсақ ойлайтынымыз сол. Ал сөйтіп отырып айдалатындай жазығымыз не біздің?.. Біз деп отырғаным, Нұрсұлу кім, мен кім, басқа әйелдер кімдер? Бірімізден-бірімізді еш айырмамыз жоқ. Бәріміздің жұтып отырған уымыз да бір, қайғы-қасіретіміз, тілегіміз де бір... Ендеше біздің бірен-саран абайсыз кеткен жеріміз болса неге кешірмеске
merwertцитирует2 года назад
Жазға салым Жусандытөбе жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Сондайда есіме тағы да Аян түседі.
b1979059544цитирует2 года назад
. Өле-өлгенінше қолынан келгенінше балаларының отымен кіріп, күлімен шыққанды әрбір ананың өзі-ақ тілейтін шығар. Өйткені әжемнің көрші-көлең кемпірлерге:
— Е, алла, осылардың бейнеті маған зейнет емес пе. Осылардың алдында өлсем арманым бар ма,— деп айтқанын талай рет естігем. Сондықтан да мен әжемді дүниедегі бақытты ананың бірі санайтынмын.

Впечатления

b8428224254делится впечатлением2 года назад
👍Worth reading

👍👍👍

  • Сайын Мұратбеков
    Жусан иісі
    • 3.9K
    • 318
    • 299
    • 82
    kk
    Free
  • b3483064304делится впечатлением2 года назад
    🔮Hidden Depths
    👍Worth reading

    Өте қызық кітап екен.өзім осындай ауыл атмосферасын ұнатам.бала-шаға у-шу.Тұржан жауыздың не болғанын аяқтағанда соңында тіптен жақсы болар еді.оқуға кеңес беремін.Жылайтында,күлетінде сәттері бар ерекше кітап екен.Нәзираға не болғанын,басқа балаларғада не болғанын жазса қызық болар еді.Соғыс бітіп,бәрі өз жөнімен кеткен шығар

  • Сайын Мұратбеков
    Жабайы алма
    • 4.8K
    • 622
    • 213
    • 114
    kk
    Free
  • onsyadrmделится впечатлением2 года назад
    🔮Hidden Depths
    💡Learnt A Lot
    👍Worth reading
    🐼Fluffy

    Өте керемет! Аянға және басқа кейіпкерлерге де бауыр басып қалдым!Тамаша шығарма

  • Сайын Мұратбеков
    Жусан иісі
    • 3.9K
    • 318
    • 299
    • 82
    kk
    Free
  • fb2epub
    Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз