көлденең тұрған Халық медицинасы орталығының Бас дәрігері іштүйнек боп кешкісін ауруханаға түсті.. әлгі болмашыны сылтауратып жоғалған бастығың... көр де тұр... әкімшілікке емес, ойнас келіншегіне кетті».
Мынаның сөз саптауы етімнен өтіп, сүйегіме жетіп, біртүрлі жайсыз қобалжыта бергені, жүрегім алқынып алқымыма кептелетіндей. «Әулие-еке, жүрінізші, бөлмеге барайық, ақ құманға шай қояйын... мен де іш қоймамды ашайын, сіз де ағынан жарылыңыз жарықтығым».
Қопарыла қозғалып, соңыма ілесіп көп бөлменің есігін жапқаны сол – тұла бойым суынып жүре берді, бұрын әулие, әмбиеге онша сене бермейтін басым, қолым қалтырап шәйнекті электр жүйесіне қоса алсамшы. Қонағым шешінді, шегеге қалпағын ілді, шәйнекті өзі қойды, көлдей ақ орамалын үстел шетіне дастарқан етіп жайып қалтасынан кепкен өрік, мейіз төкті. «Сырымды өлсем де ашпаймын», – деді. «Ау, жазу үшін мінез қатпарын козғау