Біз балаға бала деп қараймыз да, артынан өзіміз соның зардабын тартамыз. Рас, бала — сөз жоқ, бала. Оның өз бойына тән жақсылы-жаманды қасиеті бар. Бұл даусыз. Бірақ, «мен үлкенмін, ақылдымын, сен кішісің — ақылсызсың» деген ұғыммен өзің тым биікке қойып, көпті көргендікке салыппын, шәкірттерді өнермен алам, ақылгөй сөзіме еліктіріп, өз соңымнан ертемін деп үміттену алдамыш ой, ағат ниет екенін аңғара бермейміз.