bookmate game

Сәбит Мұқанов

  • merwertцитирует2 года назад
    – Кеттік!–деген дауысқа Ботагөз жалт қараса, Кузнецов екен.

    – Қайда!

    – Бақытқа!
  • Айым Дуйсенбековацитирует2 года назад
    — Сонда саған қандай қыз сұлу?—деді Текебай кекеткен дауыспен.

    — Сүйген қызым.
  • Аружан Туреханцитирует2 года назад
    Қазақта «көңге түскен отты көмсең де сөнбейді» деген мақал бар.
  • Аружан Туреханцитирует2 года назад
    «Қыз көздің құрты» деседі ғой қазақ. «Қымызды кім ішпейді, қызға кім қызықпайды»
  • zumankajnarцитируетв прошлом году
    Әуелі тазартып ал іштің кірін,

    Болмасын сыртың сұлу ішің ірің!—
  • b5017760630цитируетв прошлом году
    Төлебай осы хабарды айтып келгенде, Қаратілеу не дерге білмей сасып қалды. Оның үрейлі кескінін көрген Төлебай, одан да жаман қорқытпақ боп:
  • b7013591512цитирует2 года назад
    Қызды неліктен балам емес деп санауы туралы ол көп ойланып, бір тұйықтан шыға алмай қоятын еді, ол «қыздың пайдасы не, әке - шешеге?.. Жат жұрттыққа жаралған адам. Ержеткен соң - ақ, маңдайына жазылған біреуге кете барады. Содан кейін әке - шешеге тиер түк пайдасы жоқ. Ендеше, оның несін бала дейміз?».
  • b7013591512цитирует2 года назад
    Қызды неліктен балам емес деп санауы туралы ол көп ойланып, бір тұйықтан шыға алмай қоятын еді, ол «қыздың пайдасы не, әке - шешеге?.. Жат жұрттыққа жаралған адам. Ержеткен соң - ақ, маңдайына жазылған біреуге кете барады. Содан кейін әке - шешеге тиер түк пайдасы жоқ. Ендеше, оның несін бала дейміз?».
  • b5219688042цитирует2 года назад
    Жаңбырдан кейінгі тыныс қандай тамаша! Құрғақшылықта демін үнемі ішіне ғана тартқан сияқтанып, ешбір иісі сезілмейтін өсімдіктен, жаңағы өткен жаңбырдан ықылық ата сусындап, енді бойында бар демін тек, сыртына ғана шығарғандай боп, түрлі тынысты тамаша иістер, сапырылыса бұрқырап кетті. Не деген ғажап иістер еді!..
  • b5219688042цитирует2 года назад
    Шоқанның мұрны пысылдаған дыбысынан «ұйықтады» деп ойлап, еппен басып қасына келді. Шоқан өтірік ұйықтап жатыр еді, ойы – әкесінің не істеуін бақылау. Баласының қасына келген Шыңғыс, бетін қабырғаға бере бүк түсіп жатқан Шоқанды арқасынан құшады да, солқылдай жылап жата кетеді. Әкесін аяп кеткен бала, мейірімдік көрсеткісі келгендей, бетін бұра аунап түсті. Бірақ, бұнысын ұйқысырау сияқтандырып, дыбыс бермеді. «Оятып алмайын» деген оймен, өксігін әрең тыйған әке, жанының бөлшегіндей баласын, бауырына қыса түсті. Олар терең ұйқыға кетті...
    Шіркін, осындай бір тәтті ұйқы-ай!..
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз