bookmate game
kk

Oscar Wilde

  • Gulnur Bayseytцитирует2 года назад
    Өз жақындарымызға жақсылық жасаудың түбінде, өзімізді сақтап қалу деген қарақан бастың қамын ойлау ғана жатыр
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Бұл әлемде бәрінен ақымақтар мен сүйкімсіздер озады. Олар өзгелердің шайқасына қарап отыра береді. Олардың маңдайына жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің ащы өксігін сезіну жазылмаған
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Сен атақтысың әрі байсың, Гарри, менде ақыл мен дарын бар, өзі қандай болса да, Дориан Грейде сұлулық бар. Міне, құдайдың берген осы сыйы үшін біз қарыздармыз, кезі келгенде, оның ащы жасымыз аға отырып ақысын төлейтін боламыз.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Білем, ойыңдағыны айта бастасаң болды, елдің бәрі мұны өзімшілдік деп ұғады, әрі мұндайды олар жек көреді!
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Сен бәріне жақсы қарайсың, ал бәрін жақсы көру деген − ешкімді жек көрмеумен бірдей. Саған бәрі бірдей.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Бұлай болуы, біз өзімізге ұқсайтын адамдардың кемшіліктерін көтере алмайтындықтарымыздан шығар.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Рух пен дененің үйлесімі − қандай тамаша! Оз ақымақтығымыздан біз оларды кезінде ажыратып жіберген болып шықтық, сөйтіп орнына бетпақ реализм мен түкке тұрғысыз идеализмді ойлап тауып алғанбыз.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Қандай қайғылы болса да, ұлылықтың ғұмыры сұлулықтан әлдеқайда ұзақ. Сол үшін де біз, шамамыздың келер келмесінше санамызды дамытуға барымызды саламыз.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    Өмірге келген соң, оның мәні өз жолыңды табу. Бар болмысыңмен, өз ерекшелігіңмен толыққанды өмір сүру, адам сол үшін дүние есігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздерінен қорқатын заманға тап келдік. Олар ең басты парыз өзіңнің болмысыңның алдындағы парыз екенін ұмытып кетті. Әрине, олар ізгі. Ашты тойдырады, жыртық-жамауды киіндіреді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып, жалаңаштанып қалғанын білгісі де келмейді. Біз шындыққа тура қарау батылдығын жоғалтып алдық. Мүмкін, ол бізде ешқашан болмаған да шығар бәлкім.
  • Bekzat Asylцитирует2 года назад
    егер әрбір адам әр сезімін сыртқа шығарып, әр ойын ашық айтса, әр арманын жүзеге асырып, толыққанды өмір сүрсе − әлем ортағасырлық бар ауру-сырқауларынан арылып, бақыттан басы айналар күйде болар еді, сөйтіп эллинизмнің мінсіздігіне қайта қол жеткізіп, тіпті одан да ары барар ма едік, кім білсін.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз