kk

Мұхтар Әуезов

  • Сандуғаш Кэлсцитирует2 года назад
    Қазақ әдебиеті, барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі – ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет:
  • Айсулуцитирует4 месяца назад
    Ойпыр-ай, не деген, не деген биік! Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара? Неліктен жап-жалаңаш... Бұ қай тау, жаным-ау?.. Қандайлық қап-қараңғы дүние. Түн бе, алакөлеңке ме, әлде не?.. Не қылған құлазыған жалғыздық... Қайдан, қалайша кеп қалдым осында?..

    Тау зорайып, пішіні суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Салған сайын тіктеніп шаншыла түседі. Астында әлсіреген бір жаман ат... Аяғын жылжыта алмай қалтырап тұрғандай. Сондай халде өзі. Төменгі жағы көз алдында құлазып, шаншылып тас құзға айналып барады. Ар жағы?! Қарай алмай көзін жұма берген сияқты. Қап-қара боп, азынап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсіз қара қуыс... Ажал исі аңқиды.

    Қапсағай қара қойнын ашқан өлім бе?..

    — Өлдім-ау... Кеттім-ау... Бітті деген осы ма?

    Бұлқынып қалды, бірдеме тарс етті...

    Жәмиланың даусын есітті. Ашулы, ащы екен... Сонда да майдай тиді. "Уһ!" деп көзін ашты.

    Есікті екінші рет тарс еткізіп жауып қалып: — Құртар болдың ғой әбден, түге... Құдай құртқан немелер! Құрттың ғой бізді де әбден!1— деп келе жатқан анық Жәмила, өзінің қатыны.

    Аяздай соғып ұшқындап келсе де, бұл жанағы жалғыздық емес... Қара құз ажал емес... Жер... Ол да емес-ау... Тіпті өзінің үйі... Өз төсегі... тірі... бар...

    — Жәмиламысың? Уһ. Жәмила-ай.
  • karakatorynbayeva1цитируетв прошлом году
    Мен сенің мазақ қылатын кісің .емеспін!
  • karakatorynbayeva1цитируетв прошлом году
    лашықтың. ішінде Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, қасіреті қалды.
  • karakatorynbayeva1цитируетв прошлом году
    О да бірге көмілмек. Барлық жүрегіне жылы жақындары, нәзік қылып өсірген ұясы қалды...
  • karakatorynbayeva1цитируетв прошлом году
    «Менде жазық жоқ, мен тазамын»
  • Сандуғаш Кэлсцитирует2 года назад
    елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер.
  • Сандуғаш Кэлсцитирует2 года назад
    Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының артқыға тастап келе жатқан ата мұрасы сияқты, ауызша әңгімелерінен құралады.
  • Ұлан Несіпбайцитирует9 месяцев назад
    — Сен бұны жаңа көрдің, алғашқы көрінісінде әйелдің жақсы-жаманы айрылмай да қалатын. Оның үстіне, Ғайша жақсы актриса десетін. Бірақ, есіңе салғанымыз, бұл үлкен романға героиня болуға татымайды. Одан бергіңді, қазақтың баласысың ғой, өзің де білерсің, — дескен.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз