bookmate game
ru

Әбіш Кекілбаев

  • Laura Berdikhojayevaцитирует9 месяцев назад
    ы. Кең бөлмедегі ауа бір-бірімен ұстасып, ұйып қалғандай. Т
  • Laura Berdikhojayevaцитирует9 месяцев назад
    ы жамылып, қаптап өріп шыға келетін шақ. Адамдар – тек күндіз ғана адам, ал түнде олардың өзге жануарлардан ешқандай айырмасы жоқ, пыр-пыр ұйықтайды, қасында әйел жатса, барша жануарлардың қай-қайсысындай о да шырпынып аласұрады. Ертең қайтадан күн шығып, қайтадан жұрттың көздері тірілген шақта, әлгі жануарлардың бәрі өледі де, олардың орнына жарық күннен қысылатын, өзге өзі тектестердің көзі мен сөзінен қорқатын пенделер қайта тіріледі
  • Laura Berdikhojayevaцитирует9 месяцев назад
    йықтап жатып шайтансыраған әйелінің ыңыранған оғаш дыбысы түсті.
  • Альвинура Сагынгалиевацитирует2 года назад
    Тек тіріңде маңайыңдағылардың бәрін таңғалтумен өт. Өле өлгенше таңғалып өткенде саған өлген соң да таңғалады. Олардың аузындағы лақапты естіп, сені көрмегендер де таңғалады. Тек оларға әлгі өзгеден естіген естігіштеріне «е, бәсе» деп қойғызатындай қып, әр жер-әр жерге өз құдіретіңнен жұрнақ қалдырып отырсаң болғаны,
  • b1339208447цитирует2 года назад
    Жаппар мұнаралардың неге керек екеніне енді түсінді. Сөйтсе, ол адамдардың мынандай төрт тарапты түгел байлаған тығырықтан көз бостандық алар кеңістікке, көк есектің құйрығының деңгейінен бой асыра алмайтын аяқ асты аласалықтан көңіліңді сергітер зеңгір биіктікке, қол басындайды ірі, құрық бойындайды биік көріп, қайдағы-жайдағының бәрін қазына, қалай-солайдың бәрін қасиет санап, күйбең-күйбеңмен күн өткізетін күйкіліктен бір кездегі ұлан-асыр болмысты барша ерен ұлылығымен көре алатын ірілікке, илеудегі қыбыр-жыбыр тіршілік иесінен аспан астын түгел шолып, түгел барлай алатын қырағы жанар, ұшқыр қиял, биік арман иесі адамдыққа ұмтылған өр дәменің құлшынысы екен. Тышқан екеш тышқан да ауық-ауық топырақ сасыған тар інін тастап, жонын шуаққа тосып, сығырайған кішкене көзін ұлан-байтақ болмысқа құныға қадап, жарық дүниенің өз індігешіндей емес көл-көсір кеңдігіне, жер бетінде тек
  • b1339208447цитирует2 года назад
    күйкілік қана емес ұлылық та бар екеніне көзі біржола жетіп, көңілі бітіп, масаттана әндетпеуші ме еді. Бәлкім, жер кіндігін тесіп шыққан мына мұнара, адамдардың әлгіндей асқақ дәмесі ғана емес, анау аяғының астындағы былқ етпес көнбіс қара жердің сонау тас төбеден еміне төнген көк аспанға емірене созған білегі шығар. Қолындағы қыш кірпіш күні кеше сонау төменде көк есектің тұяғына жаншылып жатқан көк тиындық құны жоқ топырақ емес пе еді тәйірі... Енді, міне, ол бұның білегінен әлдебір сиқыр қақтай сорып шығарып жатқан күшпен қосылып, жайдауыт бедерсіздіктен көлденең көзді өзіне алаңдатпай қоймайтын биік нысанаға, ешкім ескермейтін мағынасыз ұнтақтан назарыңды көкке сүйрер маңғаз мұнараға айналмады ма? Былтыр алғаш қазық қаққанда, ол ескі обаның төбесіндегі көк ніл әуеге қанша
  • Аружан Бекеновацитирует2 года назад
    Тек тіріңде маңайыңдағылардың бәрін таңғалтумен өт.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз