Амандық болса, келесі жылы малды жан-жаққа тапсырамын да, апанды алып, Алматыға жетіп барамын.
Енді міне келесі жылы баратын әкем хал үстінде жатыр. Жанында отырып әкеме қатысты өткен күндерді есіме алып, ұят пен өкініштен азап шеккеннен басқа қылар қайраным жоқ. Тіпті мойнымдағы парызымды өтемек түгіл, әкеме өлшеусіз қиянат жасағандай сезінемін өзімді.