Сәкен Сейфуллин

  • b4121719744цитирует2 года назад
    Бесті жасыңа келгенде,
    Бие қызығын көрсін деп.
    Бес бедеуге алдырдым
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Енді 1921 жылдың күзіне "банды" деген бәле шыға бастаған соң, момын шаруа тағы да тыныш ұйықтай алмауға айналды
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Жақсы ат, жақсы киімдерін қолша алып кетеді. "Тығулы мылтықтарың бар, оқтарың бар,тез тауып бер" деп қолына түскен еркекті қып-қызыл ала қылып тепкілеп, мылтық дүмдерімен мыжғылайды. Қатын-баланы да сабайды, жәбірлейді.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Өздері көп ұстатпайды. Көбінесе орман ішінде жүреді. Дәйекті мекендері жоқ. Тұрақсыз жел тәрізді. Құтырған құйын тәрізді.Қазір мұнда болса, енді біраздан соң жоқ болады, тағы да бір жерді барып шулатады
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Жалпы елге, әсіресе орыс поселкаларының халқына талдап тиеді.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Және кейбір қазақ байларымен де астыртын жақындасып жүргендері байқалады.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Ол Омбыда циркте өзінің жерлесі балуан Қажымұқанның күресін көріп Мұқанмен жақындасқан еді.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Ылғи дене қимылдатып жарысып ойнау, ауылда жүргенде де оның дене табиғатының керексініп тұратын әдеті еді.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Сонімен қатар, сенен басқа бес кісі Шиелі поселкасына барып,сенімен байланыс қылып отырсын. Жоба жаңағыдай болсын, -деді.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Хамит ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қаракер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы жиырма бес-жиырма алтылар шамасында. Сом, сұлу денесі ылғи сіңір мен шиырылған күшті көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай.Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамита зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет-аузы бүркіттің бетіндей. Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай,күшті темірдей жұдырықтарын түйіп, көрін тігіп, кіжініп:

    - А-а!.. Қандай қылайын! - деп төніп келсе, жөпшенді кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында қоңыр елтірі тымақ. Аты сұлы жеп жүрген, мейіздей қатқан, сұлу Құбақан ат.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз