Әзілхан Нұршайықов

  • Marziya Tanzharikovaцитирует2 года назад
    Абыржып, аң-таң болып мен қалдым
  • b5919228259цитирует2 года назад
    «1073-ші атқыштар полкының командирі майор Бауыржан Момышұлын мен соғыстан бұрын білетінмін. Біз Қиыр Шығыста бірге қызмет еткенбіз. Ол қазақ ұлтынан шыққан, алған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді, сымбатты келген жас командир болатын.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Мен оның қанша қиын болса да, тіпті өзіне содан зиян келсе де тек қана шындықты айтатынын білуші едім.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Неғыл дейін мен? Генерал мен ақынның сенің өр тұлғаңды суреттеген сөзі мен жырын мақтаныш етемін мен! Сондықтан да оны, жерден жеті қоян тапқандай болып, қуана айтып отырмын саған. Немене, мұртың едірейіп соншама шұқшия қалдың маған?
    Әрине, Баукеңе мен бұл сөздерді айтқаным жоқ.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Содан кейін: «Тит-та-тит-та-ти-тата!» деп басын бір жағына қарай бұрып кеп жібереді. Онысы саған: «От-та-от-та-от-тай бер» деген сияқты боп сезіледі де, сен шайнамай жұтқан астай ғып, мақтау сөзіңді кілт тоқтатуға мәжбүр боласың.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Бауыржанның арыстандікіндей тісі мен тырнағы жоқ екенін,
  • b5919228259цитирует2 года назад
    арыстанның клеткасында тұрғанымды аңғара алмай қалған әлденеше сәттерім болды.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Генерал Чистяковпен Сіздің алғаш қалай танысқаныңызды сұрайын деп едім. Және өзіңіздің Қиыр Шығыс әңгімесін кейін толық етіп баяндап беремін деген уәдеңіз де бар еді.
    Бауыржан. Солай ма еді? Онда айтуға болады. Иван Михайлович Чистяковпен мен Қиыр Шығыста кездестім... Қиыр Шығыс! —
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Қиыр Шығыс — жас адамды шынықтырып, шындайтын, езді — ер, егдені — кемеңгер етіп ширататын өлке ғой, шіркін! Темір соғатын жерді не дейді, ұста дүкені дей ме? Ауылда аяқ астында жатқан ұсақ-түйек темірді жинап сол дүкенге алып келіп көріктің отына салсаң, ол төстен таға болып тапталып, шеге болып ширатылып шығып жатпаушы ма еді? Егер олпы-солпы адамды көк мұзға кірш-кірш қадалатын құрыш емшекті тағадай иіп, шегедей шымыр етіп шығаратын да дүкен болады деп есептесек, мен ондай дүкенді Қиыр Шығыс жері, соның табиғаты дер едім.
  • b5919228259цитирует2 года назад
    Қиыр Шығыстың қыстағы алпыс градус аязы мен жаздағы жетпіс градус ыстығы адамды шыңдалмас еркіне қоймайды-ау, шіркін!
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз