Апалы-сіңлілінің балалары түгіл, бір анадан, бір әкеден туған егізді айыратын, бірін-бірі бауыздататын қанқұмар алтын тақ-айдаһар Қасым сұлтанды бүгінгідей өз еркіне қояр ма?
Әй, қоймас. Алтын таққа отыру — өз басыңның айдаһарға айналуымен тең емес пе? Тең, сөз жоқ тең