Сайрам, Яссыны қайтадан тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, қант, мата, ыдыс-аяқ, қазан-ошақ — бәрін Үндістан, Қытай, Иран саудагерлерінен алып, Шығыспен сауда жүргізе бастаған. Бұның бәрі Ақ Орданың құлауымен бірге біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. Әрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін, Түркістан уәлиетін өзіне қарату деген сөз