Қыпшақ елі, Орта Азия хұнулары — чұмхуну ұрпақтарынан, біздің дәуірімізден бұрын келе жатқан Европа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс бөлегі, көне сақтар сарқындысы, Қыпсақ деп аталатын рудан және көне Қангуй елінің қалдығы — қаңғылардан құрылған, түркі тұқымдас, Ертіс пен Тобыл арасындағы ағашты өңірді жайлаған, жау жүрек қалың жұрт болатын оныншы ғасырдың бас кезінен бастап, гуздарды (осы күнгі түрікмендер) оңтүстікке, печенгтерді (көне кенгерес елі) күнбатысқа, карлуктарды (қазіргі қарақалпақтарды) оңтүстік-күншығысқа, углерді (карелофиндарды) солтүстіктегі қалың орман арасына қуып, көне Қангуй жеріне келіп орналасқан. Сол күннен бастап сонау Еділ мен Ертістің ортасын Дәшті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы деп атап кеткен. Қыпшақтар он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне келіп жеткен. Өзінің шекарасына келген елді орыс жұрты шаштарының сарғылттығына қарап «Половцы» деп атаған (Полова — кесілген сабан), ал батыс Европа елі — коман деген ат қойған. Бұл жау баққан көшпелі ел көршілес жұрттарына қырғидай тиді. Жат соғыс әдістері бұларды өте қауіпті етті